Ақмола облысында жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдері талқыланды

Ақмола облысында жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдері талқыланды

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басым міндеттерінің бірі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Өткен жылы облысымыздың барлық мақсатты топтарын қамтумен іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, өткізілді. Бүгін Ақмола облысында Департаменттің коллегиялық отырысы өтіп, онда жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған қызмет қорытындылары талқыланды.

Өз сөзінде Департамент басшысы Берген Беспалинов облыста бірқатар маңызды жобалардың іске асырылып жатқанын айтты: ол - «Protecting business and investments» жобасы. Бұл жоба шеңберінде облыстағы құны 1 трлн. теңгені (1трл.194 млрд) құрайтын он шақты жобаны сүйемелдеу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, облыс аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын әлеуетті инвесторларға және олардың өкілдеріне құқықтық кеңес беру бойынша колл-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар облыста «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба халықпен кері байланысты қалыптастыру арқылы өз тиімділігін көрсетіп, облыс тұрғындары арасында сұранысқа ие.

Отырыс барысында теміржол тасымалының қажетті дәрежеде жұмыс істеуіне және теміржол көлігіндегі көрсетілетін қызметтерге халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бөгет болатын мәселелерді шектеуге бағытталған «Адал жол» жобасы жөнінде де сөз қозғалды.

Өскелең ұрпақтың жемқорлық көріністеріне қарсы мықты иммунитетін қалыптастыру бойынша жүйелік жұмыс атқарылуда. Бұл бағытта «Адал ұрпақ»,  «Саналы ұрпақ» клубтары мен адалдық дүкендері жұмыс істейді.

Департаменттің арнайы мониторингтік топтің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатыны айтылды, себебі жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда қоғам өкілдері баға жетпес рөлге ие. Топ құрамына қоғамда зор құрметке ие болған, өмірлік және кәсіби тәжірибеге, белсенді азаматтық ұстанымға ие адамдар кірген. Өткен жыл ішінде көптеген отырыстар өткізіліп, онда көп мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар отырыс барысында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерлаз Жайықбаев сөз сөйлеп, жобаны жүзеге асырудың басымдылықтары жөнінде айтып өтті.

«Қазіргі уақытта біз тұрмыстық жемқорлық фактілері, оған ықпал ететін мәселелер жөнінде ақпарат жинап жатырмыз. Оған қоса білім, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау сияқты салаларда жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша әлеуметтік сұраулар, сауалнамалар, өзге де іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Осы орайда азаматтық қоғамның да, мемлекеттік органдардың кең қолдауы қажет» - дейді жобаның басшысы.

Жемқорлықтың алдын алудың маңызды тәсілдері жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Алмат Әсет айтып өтті. Оның айтуынша, облыста көптеген шешілмеген мәселелер бар, оның ішінде білім саласын айтып өтуге болады. Жалпы, Ұлттық бюро департаментімке бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаулар, сонымен қатар еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылатынын айтып өткен жөн.

 

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив