Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы

Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы

 

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2018 жыл ішінде Департаменттің атқарған қызметі бойынша қорытынды брифинг өткізді. Брифинг Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департамент басшысы Берген Беспалиновтың қатысуымен өтті.

Өз сөзінде Берген Беспалинов мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясатты жүзеге асыру, кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, олардың жемқорлыққа қарсы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді. оның айтуынша, мемлекеттік қызметте шамамен 6 мың мемлекеттік қызметші еңбек етуде және олардың 3,5 мыңнан астамы – жергілікті атқару органдары жүйесінде тіркелген.

Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік органдарда меритократияның бұлжытпай ұстанылуы мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу деңгейіне жағымды ықпал ететіндігі айтылды.

«Конкурс нәтижелері бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны айтарлықтай артты. 2018 жыл ішінде ішкі байқаулар нәтижелері бойынша жоғары лауазымдарға 75,9% мемқызметші тағайындалды. Меритократия облыстағы мемлекеттік органдарға әлдеқайда қабілетті, халыққа адал қызмет ету құндылықтарына ие қызметшілерді тартуға мүмкіндік беруде» - дейді Берген Беспалинов.

Сонымен қатар, бүгінде облыстың мемлекеттік органдарында таза ауысым деңгейінің төмендегені көрсетілді. Бұл мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамының тұрақтылығының артуын көрсетеді. Сонымен қатар департамент басшысы мемлекемемле басқару академиясында 1400 мемқызметші оқытылған.

Департамент сервистік мемлекеттік қалыптастыру және халықтың сенімін арттыру мақсатында мемқызметшілердің адалдығы мен әдептілігін арттыруға зор көңіл бөлуде. Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін жыл басынан бастап 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Азаматтардың өтініштерін сапалы қарау мәселесі де тысқары қалған жоқ. Жыл ішінде Департамент шамамен 70 тексеріс өткізіп, нәтижесінде 23 азаматтың құқықтары қалыпқа келтірілді.

Сонымен қатар брифинг барысында мемқызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі қозғалды.

«Тиімді және тұрақты жұмыс жағдайларын жасау, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында артық жұмыс істеудің себептерін анықтау, жұмыстың икемді уақытын бекіту, мемқызметшілер арасында міндеттерді тең бөлу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Мемқызметшілердің спортпен шұғылдануына жағдайлар жасалуда» - деп Берген Беспалинов өз сөзін қорытындылады.

Департамент Спорт басқармасымен бірлесе отырып ағымдық жылы «Другой ты!» челлендж-эстафетасын іске қосты. Мемлекеттік қызметшілер аталған эстафета шеңберінде таңғы жаттығуға шығады. Сонымен қатар облыстық құрылымдар мен ведомстволардың қатысуымен облыстық «Отан» спартакиадасы өтуде.

 

Жазира Тоқтар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.