Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде Орталық Азия елдерін басқарды

Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде Орталық Азия елдерін басқарды

Бұл жөнінде бүгінгі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаев айтты.

Transparency International сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу бойынша үкіметтік емес халықаралық ұйым 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады.

2018 жылғы СЖҚИ 180 елдің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықты өлшеуге бағытталған 13 зерттеулер мен сарапшылардың бағаларына негізделеді. Бұл ретте индексте 0-ден 100-ге дейінгі шкала қолданылады, онда 0 - бұл сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейі, ал 100-керісінше, өте төмен деңгейі.

СЖҚИ рейтингінде елдердің жалпы төмендеуі аясында Қазақстан 31 ұпай жинап, 124 орынға ие болды,осылайша алдыңғы рейтингте бекітілген позицияны сақтап қалды.

Қазақстан тоғыз зерттеулерде бағаланды. Бұл ретте СЖҚИ құрылысы жүргізіліп жатқан бес рейтингтік агенттіктердің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін оң бағалады.

Үш рейтингтік агенттік қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға баға берді, тағы екеуі оны жеткіліксіз деп санады.
Bertelsmann Foundation Transformation Index, Economist Intelligence Unit Country Ratings, Freedom House Nations in Transit Ratings жәнеGlobal Insight Country Risk Ratings рейтингісін 2017 жылғы деңгейде қалдырды – 25 балл, 20 балл, 24 балл және 35 балл сәйкесінше. World Justice Project Rule of Law Index рейтингі да бұрынғы деңгейде қалды – 34 балл.

IMD World Competitiveness Yearbook рейтингті 55-тен 48 баллға дейін төмендетті, PRS International Country Risk Guide өткен жылғы24 баллмен салыстырғанда 27 баллға дейін, World Economic Forum – 2017 жылғы 36-ға қарсы 46 балл, ал Varities of Democracy Project-24-тен 17 баллға дейін төмендетті.

Трансұлттық және жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі аясында Қазақстанның СЖҚИ рейтингісінде өз ұстанымдарын ұстап қалуысыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы елдің оң серпінін куәландырады.

Әлемдік қоғамдастық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтарды тұрмыстықсыбайлас жемқорлықты жою бойынша тартуға қатысты қызметін оң бағалайды.

Азаматтық қатысудың табысты мысалдары қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, агенттіктің арнайымониторингтік топтарының қызметін көрсетуге болады. Сыбайлас жемқорлықты ашуда қоғамдық бірлестіктердің рөлі артады.

Сонымен қатар, барлық әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері кешігіп келетіні анық, оның себебі жергілікті ҮЕҰ-ның күрделі қаржылықжағдайы, өз кезегінде, терең зерттеулер жүргізу шектелген.
Мысалы, егер Украинаны қарастырсақ, онда 2018 жылғы СЖҚИ бойынша ел 10 позицияға көтерілді және рейтингте 120 орынға ие болды(2017 жылы - 130). «Соңғы жылдардағы ілгерілеу 2014 жылы басталған реформалармен қамтамасыз етілді», - Transparency Internationalатап өтті.

Ұйымда «тәуелсіз шетелдік сарапшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әсерін бағалау үшін бір жылдан артық уақыт талапетілетінін, өйткені ақпарат алуда тілдік және уақытша кедергі өзекті ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік берілмейтіндігін» атап көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпарат алудағы ақпараттық және тілдік кедергілерді ескере отырып, Transparency International Kazakhstan сарапшылары «Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты азайту, демократиялық институттар мен құқық үстемдігінкүшейту, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ҮЕҰ рөлін арттыру жөніндегі белсенді шараларды іске асыруын жалғастырған жағдайда,Қазақстанның жиынтық зерттеулерде де, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде де ұстанымдары өсуі мүмкін» деп болжайды.

Осылайша, 2018 жылдың нақты нәтижелері ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өз көрінісін табатынын атап өту қажет.

 

ҚР МҚІСЖҚА

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.