Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңдағы ең үлкен проблема, одан әлемдегі ешқандай ел және ешқандай саяси жүйе құтылып көрген жоқ. Сыбайлас жемқорлықты азаматтар мен бүкіл қоғам төлеп отырған қылмыстық салық деп атауға да болады. Сыбайлас жемқорлық демократияның дамуына және біздің еліміздегі өтіп жатқан реформаларға қарсы әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысқа тек барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдардың басын қосу арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдаланып өзара іс-қимылды жолға қою мен нығайту арқылы жетуге болады. Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін жетілдіру арқылы қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметте істейтін лауазымдық тұлғалардың, басқа да қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды мұқият орындауға жауапкершілігін арттыру басты мақсаты боуы қажет.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
1) азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; 3) азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасасу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау және іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру болып табылады.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
Г.С.Шутеева
[xfvalue_img]