Сыбайлас жемқорлықты жою
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.
Жоспарды іске асыру үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің шығатынымыз сөзсіз.
Ақтөбе облысы
Мұғалжар аудандық сотының
жетекші маманы З.М.Юнусова
[xfvalue_img]
16 пікір