«ЦВЕТМЕТ»
Ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, кәріз люктерін, құрылыс материалдарын және басқа да қара және түсті металдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттерді анықтау мақсатында Астана қ. ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Криминалды полиция басқармасымен бірлесе отырып, елорда аумағында ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында «ЦВЕТМЕТ» жергілікті-рейдтік іс-шараларын жүргізуде.
Мәселен, өткен тәулікте полиция қызметкерлерімен 30-ға жуық металл қабылдау пункттері тексеріліп, онда Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру ережелерін бұзғаны үшін 20-ға жуық азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, Үшкөпір көшесіндегі металл қабылдайтын пункттердің бірінен полиция қызметкерлері 100 кг түсті металды (кабель) анықтаған. Аталған факті бойынша айғақты заттар тәркіленіп, тексеру жүргізілуде.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
4 пікір