Астана полицейлері көңіл көтеру мекемелерінде рейдтік іс-шаралар жүргізуде
Астана қ. полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Астана қаласының аумағында көңіл көтеру мекемелерінде темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салудың бұзылуын анықтау бойынша жергілікті-рейдтік іс-шараларды жүргізді.
Ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері әкімшілік учаскені аралау кезінде темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу фактісін анықтады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 198-бабын бұзғаны үшін 1989 ж.т. Т. есімді "Forword" мекемесінің әкімшісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижесі бойынша Астана қ. ПД ЖПҚБ-ның қызметкерлерімен 20-ға жуық көңіл көтеру мекемелері тексеріліп, оның 10-ы ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабының 3 тармағын бұзғаны үшін «Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы...», ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігі бойынша "жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу"» 10-ға жуық факті, сонымен қатар, ҚРӘҚБтК-нің 198 бабын «темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу» бойынша 8 факті анықталды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]