«Есепке алу» жедел алдын-алу іс-шарасы
Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 14-17 қаңтар аралығында Астана қаласының аумағында "есепке алу"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - есепке алынған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтарды алдын-алу, қайталанатын қылмыстың жолын кесу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған адамдарды тексеру, сондай-ақ, профилактикалық есепке қою және оларды анықтау бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады.
Жедел - алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша ІІО есебінде тұрған 1600-ге жуық адам тексерілді. Оның ішінде: бұрын сотталған 500-ге жуық адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (бұдан әрі - ШТМБ) 400-ге жуық адам, ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын 360-тан астам және т. б.
Сонымен қатар, іс-шара кезінде 20-ға жуық адам Астана қаласының соты жүктеген міндеттерін бұзған. 2 ШТМБ-ге қатысты Астана қаласының сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы өтініш жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылықты жүйелі түрде жасағаны үшін Астана қаласының сотына әкімшілік қадағалау орнатуға 3 ұсыныс жолданды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
20 пікір