ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2019 ж. 21 қаңтарда  өтетін брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық  бюросы Штабының басшысы Х.Д. Көшқалиевтің баяндамасына жасалған  баспасөз хабарламасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2019 ж. 21 қаңтарда өтетін брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Штабының басшысы Х.Д. Көшқалиевтің баяндамасына жасалған баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдағы үш жылға дейінгі даму кезеңіне арналған Жол картасы бекітілді.

Стратегиялық құжат - Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының қызметінде терең, әрі сапалы өзгерістер жүргізу туралы тапсырмасы негізінде қабылданды.

Жол картасының мақсаты Ұлттық бюроны тиімді, кәсіби және ашық, сонымен қатар азаматтардың жоғарғы сенімін иеленген құқық қорғау органын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін кадрларды дайындау және іріктеу жүйесін жетілдіру, азаматтарға кедергісіз қызмет көрсетулерді енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын кешенді түрде түбірінен жою, ішкі процестерді автоматтандыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша міндеттер қойылған.

Ұлттық бюро қызметіндегі басты бағдар – азаматтардың сенімі болып табылады, сондықтан жол картасының барынша маңызды іс-шарасы азаматтарды қабылдауға арналған сервистік орталықтарды құру арқылы клиентке бағдарланған органның транспаренттілігін арттыру болып айқындалған.

Аталған орталықтардың тұжырымдамасы - ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз көрсетілетін қызметтер қағидаттарына негізделетін болады.

Енді Ұлттық бюроға келушілер үшін келешекте турникеттер және кезекші бөлім офицерінің «Сәлеметсіздер ме, смартфондарыңызды ұяшыққа қалдырыңздар!» деген салқынқанды амандасуы сияқты кедергілер болмайды.

Оның орнына жарқын жүзді кеңесшілер және келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған – күту уақыты барынша аз, жайлы жиһаз, ауыз су, дәретхана, WIFI, өтініштерді жедел тіркеу.   

Осындай орталықтар Республика бойынша ашылатын болады.

Сапалы өзгерістер азаматтармен жасалатын іс-қимыл ғана емес, сондай-ақ Ұлттық бюроның ішкі қызметіне де қатысты.

Бірінші кезекте, кадр жұмысын қайта жүктеу және кадрлық процесстерді басқарудан адами капиталды басқаруға көшу жүзеге асырылатын болады.

Қызметкерлердің кәсібилігін қызмет өткерудің барлық кезеңінде көтеру жоспарлануда, ал жас мамандарға үздік тәжірибе көрсету үшін кәсіби, барынша таланттыларынан көшбасшылар дайындалатын болады. Қызметке қабылдау кезінде шетел тілін меңгерген азаматтық сектордың, күндізгі оқу нысанын бітірген, магистранттарға беріледі. 

Осының барлығы тиімді, әрі қазіргі заманға сәйкес кадр жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде, Ұлттық бюро, барлық мемлекеттік қызметтегідей ашық конкурсқа көшті, бұл кез-келген қызметкерге басшылық лауазымға тағайындалуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, ішкі процестерді цифрландырумен және автоматтандырумен қатар, сыбайлас жемқорлықты түбірінен жою бойынша кешенді шаралар қабылданады. Оның ішінде, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жасалатын тиімді бақылауды қамтамасыз ету және салдары болғанша бастапқы кезеңдерінде жымқырулардың жолын кесу арқылы кешенді шаралар қабылданады.    

Ұлттық бюроның жұмысында сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою туралы мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынымдардың санына емес, оларды қарау қорытындылары бойынша жасалған өзгерістерге назар аударылатын болады.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықпен күрестегі істе озық тәжірибелерді енгізу мақсатында халықаралық институттармен ынтымақтастықты кеңейте түседі.

Ұлттық бюрода дамудың бекітілген барлық бағыттарын тиімді іске асыру үшін алға қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін жобалау кеңесі ашылды.

Осы шаралардың барлығы Агенттік және Ұлттық бюро ойлағандай  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке азаматтардың сенім деңгейінің өсуіне алып келетіндігі сөзсіз.   

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.