Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі
Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында мәжілісі өтті. Мәжіліс қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспар аясында өткізілді.
Кездесудің мақсаты еңбек ұжымында кез-келген сыбайлас жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ, салалық кәсіподақ ұйымдарын кәсіпорындарда және ұйымдарда сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдауға қатыстыру болды.
Еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелердің бірі мамандарды басқаруда, сондай-ақ, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында өзара қарым-қатынас мәселелерінде сыбайлас жемқорлық қатерін тудыратын құқықтық кемшіліктер болып табылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу және мемлекеттік сатып алуға қатысу үрдістерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Астана қ. Кәсіподақ орталығының
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір