«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны
Бүгін сағат 11-00 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонының салтанатты түрде ашылуы өтті.
Департамент басшысы Тілеген Қасқин марафонды құттықтау сөзімен бастады.
Марафонның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісі үшін нөлдік төзімділікті қалыптастыру, әр азаматқа және кәсіпкерлерге оның салдары туралы хабарлау.
Іс-шара барысында жас таланттардың және музыкалық топтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ дайындаған флешмобы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін кең көлемдегі жұмыстарды (байқау, семинар, дебат, КВН, флешмоб, авто шеру, лекция, кездесулер) жүргізу мақсатында Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімдігіне «эстафета алауын» салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті (кітап – шағымдар мен ұсыныстарды, іс-шараның өткізілгені туралы ақпараттың енгізілуі).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Астана қаласы бойынша Департаментінің
баспасөз-қызметі
[xfvalue_img]