Жасырын сатып алушы Мемкорпорация бөлімдерін (ХҚКО-тарын) тексерді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдардың қауымдастығы» ЗТБ өкілдерімен бірлесіп, «Жасырын сатып алушы» әдісімен «Қоғамдық бақылау» іс-шараларын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының Байғанин, Ырғыз, Алға, Мұғалжар, Темір аудандарының бөлімдерінде өткізді.
Іс-шара барысында аталған нысандарда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған қолайлы жағдайлардың жоқтығы, атап айтқанда Байғанин ауданының бөлімінде арнайы белгіленген көлік-жай орны, Байғанин, Ырғыз, Алға аудандарының бөлімдерінде көзі нашар көретін және көру қабілеті нашар адамдардың қозғалысын бағдарлауға арналған тактильді лента бағыттарының аяқталмағандығы анықталды.
Сонымен қатар, Темір ауданының Мемкорпорация бөлімінде коммуникациялық жүйелер (сумен жабдықтау, дәретхана бөлмесі) жоқтығы анықталды. Бұған қоса, Байғанин, Ырғыз және Темір аудандарының бөлімдерінде су диспенсері жоқ.
Іс-шара қорытындысына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшылығына халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарының назарына Мемкорпорация қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір дөрекі мінез-құлық көрсету жағдайы орын алса, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекен-жайы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне (тел. 87132550942) хабарлау қажет немесе мобильді телефонмен «Digital Agent» қосымшасын жүктеу арқылы (жүктеу үшін сілтеме төменде) Мемкорпорация қызметкерлерінің тарапынан жіберілген заңбұзушылық жағдайлары туралы шағым беруге болады.
Play Маркет https://play.google.com/store/apps/details?id=com.automato.digitalagentapp
App Store https://itunes.apple.com/kz/app/digital-agent/id1441630994?mt=8--
[xfvalue_img]