Билетсіз жолаушылармен қалай күресеміз?
2018 жылдың тамыз айынан бастап, Ақтөбе облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Билетсіз жүріс жоқ» бірлескен акциясының аясында қоғам өкілдерін тарту арқылы 19 билетсіз жолаушы анықтады.
Рейдтер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның меморандумы аясында құрылған «Адал жол» Ақтөбе жобалық кеңесінің негізінде жүзеге асырылды.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – алыпсатарлардың және билетсіз жол жүру мүмкіндіктерінің алдын алу, сондай-ақ алыпсатарлардың әрекеттерін болдырмау үшін блок-чейн жүйесін құру (билеттермен алыпсатарлау процесіне адами фактордың әсерін болдырмайтын блоктар жүйесі).
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында жоба кеңсесінің кезекті жиналысы өткізіліп, онда билеттердің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды.
Талқылау барысында билеттердің жетіспеушілігінің негізгі себептері ретінде қосымша вагондардың жоқтығы айтылды.
Жобалық кеңестің жұмысына арнайы мониторингтік топ мүшелері, көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және желілік полиция бөлімінің басшылары, сонымен қатар кәсіподақ және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында теміржол вокзалдарында поездар бағыттары бойынша қалған билеттердің саны туралы ақпараттандыратын электронды табло орналастыру және билеттер болмаған жағдайда жолаушының ұялы телефон нөмірін тіркеу арқылы билеттердің бары туралы хабардар ету мүмкіндігін, сондай-ақ форс-мажорлық жағдай туындағанда жолаушыларды тасымалдауды (ауыр сырқаттану, жақын туысының қайтыс болуы) қарастыру мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, жобалық кеңсесінің жұмыс қорытындысы бойынша, жолаушыларды жеткілікті көлемде санитарлық-гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді, себебі тасымалдаушылардың қазіргі уақытта қамтамасыз ететін көлемі кейбір бағыттардың қажетті талаптарына жауап бермейді.
Жобаны іске асыру барысында теміржол тасымалы қызметіне кедергі келтіретін және халықтың темір жол көлігі қызметтеріне қолжетімділігіне қатысты қиындықтар туғызатын мәселелер жойылатын болады.
[xfvalue_img]