Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының қорытындылары
Астана қаласы полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұртшылық арасында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологоиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы хабардар ету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды алдын-алу болып табылады.
«Полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші (зорлықшыл) тұлғалармен де, сондай-ақ, күш көрсетулердің құрбандарымен (зардап шегуші) де бірлесіп әрекет ететін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады»- деп Астана қ. ПД ЖПҚБ ӘЗЗҚБ аға инпсекторы, полиция майоры Ақмарал Серікбаева атап өтті.
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық акциясының ақпараттық науқаны аясында 1000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде, Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау өкілдері, ҮЕҰ және т. б. қатысты.
Іс-шара аясында 150 – ге жуық қоғамдық іс – шаралар, оның ішінде 50 – ден астамы кәсіпорындар мен ұйымдарда, 70-тен астамы оқу орындарында, 2-брифинг, 15-тренинг, 5-дөңгелек үстелдер (оның ішінде 40-тан астам дәрістер мен әңгімелесулер) бойынша ұйымдастырылды.
Акцияны өткізу барысында тұрмыста жасалған құқықбұзушылықтар саны – 257, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша-30. Күйеуімен- 13, бірге тұратын адаммен – 10, балаларымен – 3, туыстарымен – 4 құқықбұзушылық жасалды. 224 қорғау нұсқамасы шығарылып, 3 –ерекше талап қойылды.
Астана қ. Әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығына 19 әйел жіберіліп, сонымен қатар, 28 әйел дағдарыс орталығының психологтардың көмегіне жүгінді.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
21 пікір