16 күн зорлық-зомбылықсыз
Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұртшылық арасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы хабардар ету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында сағат 15.00-де "Mega Silk Way" ОСО-да мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымның қатысуымен "зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн!" республикалық акциясы басталды.
"Бастама мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ҮЕҰ мен жұртшылықтың назарын отбасындағы, оның ішінде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелеріне аударуға бағытталған. Мұндай қызықты тәсіл тек білім беру мекемелерінде әдетте өткізілетін тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын-алу туралы дәстүрлі әңгімелер мен лекциялардың тиімділігін арттырды" - дейді Астана қ. ПД ЖПҚБ-ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелері бойынша брошюралар мен буклеттер таратты. Мұқтаж азаматтарға неке мен отбасын сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзету бойынша құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына би ұжымдарының әлеуметтік би нөмірлерінің өнер көрсетуі ұйымдастырылды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]