«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясы
Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұртшылық арасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы хабардар ету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу болып табылады.
Осы іс-шара аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен және "Үміт" дағдарыс орталығының психологтарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 27 қарашасында "Артем" сауда үйінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелері бойынша брошюралар мен буклеттер таратты. Мұқтаж азаматтарға неке мен отбасын сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзету бойынша құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
21 пікір