Жүргізуші өмірімді сақта
ЖКО құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күніне орай Астана қаласы ПД-нің Ювеналдық полиция қызметкерлерімен Астана қаласының аумағында 12 және 18 қараша аралығында Республикалық кең ауқымды «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» іс-шарасы өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын, балалардың жарақаттануын алдын-алу, сондай-ақ көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту мақсатында Астана қаласы «Есіл» ауданы ПБ-ның ЖПҚБ-нің ювеналды полиция қызметкерлері мен Астана қаласы әкімдігінің №76 "Әдемі" балабақшасы МКҚК-да "Жүргізуші, менің өмірімді сақта!" атты іс-шарасын өткіздірді.
Акция барысында ювеналды полиция бөлімінің және Астана қаласы әкімдігінің №76 "Әдемі" балабақшасы ұжымының қызметкерлері кәмелетке толмаған бүлдіршіндерге арнап викториналар, суреттер конкурсын, әңгімелесулерді өткізді. Кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне жадынамалар, буклеттер мен сыйлықтар таратылды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]