Ақпарат
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын-алу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 25-28 қазан аралығында Астана қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін, сондай-ақ 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдаланғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25-тен астам кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 10-ға жуық ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласы әкімдігінің "кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" КММ-не 20-ға жуық кәмелетке толмағандар орналастырылды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]