Астанада 35798 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Тұрғындар арасында ұсақ бұзақылық пен тәртіпсіздікке «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша Елімізде қоғамдағы ұсақ бұзақылыққа «Нөлдік төзімділік» саясаты белсенді жүзеге асырылуда.
Ұсақ бұзақылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидатын орындау барысында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен 2018 жылдың 6 айы бойынша: қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді сусындар ішу, қоқыс тастау, және т.б. 35 798 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
2018 жылдың басынан бері «алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша - 9785, «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін - 2624, «жекеленген қоғамдық орындарда темекі шеккені» үшін - 8463, «түнгі уақытта тыныштықты бұзған» - 3506, сонымен қатар, «абаттандыру ережесін бұзған» – 8935, «қоғамдық орындарда тиіскен» – 2485 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]