Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады
Қостанай көлік прокуратурасымен өңірдің кәсіпорындарында көлік қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді,оның барысында көптеген бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, "AsmadinProject" ЖШС-нің 289 қызметкері алдында 36 млн.теңге сомасына, "Авиа Жайнар" және "Ақ сұңқар" авиакомпанияларының 100 қызметкері алдында 9 млн. теңге сомасына еңбекақы төлеу бойынша берешектің болуы, сондай-ақ "Авиа Жайнар" авиакомпаниясының өз қызметкерлерін арнайы киіммен қамтамасыз ету заңнамаларының талаптарын елемеуі анықталды.
Сондай-ақ, "ҚТЖ "ҰК"АҚ-ның "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" және "Қостанай пайдалану вагон депосы" филиалдарының 1 348 қызметкерлері алдында ауа температурасы -25 градустан төмен ашық ауада жұмыс істегені үшін үстемеақы төлемеу фактілері анықталды.
Прокурорлық ден қою шараларымен 389 қызметкердің алдында 45 млн.теңге сомасына жалақы бойынша берешек өтелді, 1 348 қызметкерге 4,9 млн. теңгеден астам сомаға қосымша ақы төленді, 61 қызметкерге қысқы және жазғы костюмдер, етіктер, қолғаптар берілді.
Аталған бұзушылықтар үшін жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 87 және 93 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және мерзімде төлемеуі, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеуі) және 300 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзылуына жол бергені үшін 6 жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай көлік прокуратурасы
[xfvalue_img]