Бас көлік прокуроры оңтүстік көлік өңірлеріне барды
Бас көлік прокуроры М.К. Дүйсенов жұмыс сапарымен оңтүстік өңірдің көлік прокуратураларында болды.
Ол сапар барысында Арыс, Жамбыл, Шымкент пен Шу көлік прокуратураларының ұжымдары, жергілікті уәкілетті және құқық қорғау органдары, сондай-ақ көлік мекемелері басшыларымен кездесті.
Кездесуде М. Дүйсенов көлік прокурорларының, құқық қорғау органдары басшыларының көлік нысандарындағы заңдылық пен қылмыстылықтың жағдайы туралы есептерін тыңдады.
Барлық көлік түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, темір жол көлігінде оқиғалар санының өсу, экономикалық контрабанда, жолаушыларды заңсыз тасымалдау және көлік нысандарына тиесілі жерлерде заңсыз құрылыстарға қарсы іс-қимыл шаралары бойынша сұрақтар қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Бас көлік прокурор өңірлерде заңдылықты қамтамасыз етуге, құқық қорғау орандарының жұмыстарын цифрландыруға, азаматтардың заңсыз қылмыстық қудалануына жол бермеуге және өз қатарымызда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға қаптысты тапсырмалар берді.
Бас көлік прокуратурасы
[xfvalue_img]