Жалақы төленуі тиіс
Талапкер «А» ЖШС-де еңбек қатынасында тұрды, оған сәйкес ол еңбекақысы 70 000 теңге құрайтын ораушы жұмысшы ретінде қабылданды.
Алайда жұмыс барысында кәсіпорынның жұмыскер алдында еңбекақы бойынша берешек пайда болған.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мекемеден талапкер пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты
[xfvalue_img]