Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафонының алдын ала қорытынды нәтижелері жариялануда
Бүгін Астанада «Жастар» сарайында салтанатты шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды көрсететін құндылықтарды танымал етуге бағытталған «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының алдын ала нәтижелерін қорытындылады.
Сәуір айында республиканың барлық өңірлерінде жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон басталды. Марафон аудан делегаттарының қатысуымен әкімдіктен әкімдікке қағидасы бойынша эстафетаны беру арқылы жүргізіледі.
Эстафетаның «алауы» - «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны» кітабы, онда өткізілген іс-шаралардың суреттері, сондай-ақ азаматтардың пікірлері мен ұсыныстары орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елорда департаментімен өткізілген марафон халықтың назарын бірлескен күш арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажеттілігіне аударды.
Елорданың 200 мыңнан астам тұрғындары мен қала қонақтары бірлескен күш арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және алдын алу шаралары туралы көп ақпараттар алуға дайын екендігін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында концерттер, авто және артфлешмобтар, спорт жарыстары, жеке ұйымдар өкілдерімен кездесулер және т.б. өткізілуде.
Мерекелік іс-шараны ашу барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов: «Республикалық масштабта өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон осы уақытқа дейін еліміздің барлық аймақтарының тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме шараларын қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді және сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Оның кең ауқымды таралуы біздің азаматтарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімінің өсуі туралы айтуға мүмкіндік береді»,-деп айтты.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өзінің алғы сөзінде проблемалық мәселелерді шешуде қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру маңыздылығын атап өтті.
«Азаматтық қоғамның белсенді қолдауымен, өзекті мәселелерді шешуге болады. Өз кезегінде мемлекеттік органдар біздің азаматтарымызға ашық болу үшін күш жұмсайды», - деп қорытындылады.
МҚІСЖҚА Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева әкімдікпен бірлескен «Астана – адалдық алаңы» жобасының презентациясын ұсынды.
Жоба қызметі 4 айдың ішінде елордадағы 10 емханаға модернизация жұмысын жүргізді. Барлық медициналық процесстер электронды форматқа аударылуда, сонымен қатар медициналық мекеменің біріңғай брендбугы әзірленді. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, елордада жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының және медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің жауапкершілігі артты.
Іс-шараға шақырылған қоғам қайраткерлері осындай іс-шаралардың болашақта қажеттілігін айтып, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендігін білдірді.
МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]