Омбудсмен мекемесі құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері бойынша Бас прокуратураға жүгінді

Омбудсмен мекемесі құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері бойынша Бас прокуратураға жүгінді

Сотталғандарға қатыгез қарым-қатынасқа қатысты қамауда ұстау орындарынан жиі түсетін шағымдарға байланысты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша азаптауларды болдырмау жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық тобы (ҰАТ) Алматы облысындағы бірқатар пенитенциарлық мекемелерге мониторинг жүргізді.

Білікті мамандар мен медицина сарапшыларын қамтитын ҰАТ тобының қатысушыларымен сотталғандарға қатыгез қарым-қатынас көрсету фактілері анықталды және құжатталды, олардың біреуі шамамен алған жарақаттарынан көз жұмған.

Бас бостандығынан айыру орындарында өкілеттіктерді теріс пайдалану мәселелері ҰАТ Үйлестіру Кеңесінің бірнеше рет қарастыру нысаны болды және уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті шағымдар мен ұсынымдар жіберілді. Дегенмен, жоғарыда аталған проблемалар жүйелі сипатта қалуда.

Құқық қорғау органдарына деген сенімінің жеткіліксіз деңгейін Мемлекет басшысы Атырау қаласына жұмыс сапары кезінде атап өткен болатын, осы мәселелерге қоғамның назары бұл органдарға деген сенімінің маңызды және сезімтал факторы болатынын айта кету керек.

Сотталғандарға қатыгез қарым-қатынас, оның ішінде пенитенциарлық жүйеде мәдениеттің және білікті кадрлардан болмауы салдарынан, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, рецидивті қылмыстың өсуін болдырмау мәселелері іс жүзінде жоққа шығарылады, бұған соңғы болған резонансты қылмыстар куәландырады.

Бұл жағдайлар құқық қорғау органдарын реформалау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауға тежеуші фактор болып табылады және осы процеске тартылған барлық мемлекеттік құрылымдардың назарын талап етеді.

В связи с вышеизложенным, учреждением Уполномоченного по правам человека было направлено обращение в Генеральную прокуратуру с приложением конкретных фактов для рассмотрения в надзорном порядке и принятия соответствующих системных мер.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі нақты фактілерді келтіре отырып, Бас прокуратураға қадағалау тәртібімен қарауға және тиісті жүйелік шараларды қабылдау үшін жүгінді.

 

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.