Баспасөз-айғақ
Азаптауларға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) Үйлестіру кеңесіне бірқатар БАҚ-тағы және интернет-ресурстарындағы басылымдардың, соның ішінде СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 ерекше режимдегі түзеу мекемесінде қалыптасқан ахуал туралы 30.09.2017 жылғы «Литер» газетінде «Молчи, целее будешь!» атты мақаланың шығуына байланысты СҚО ҰАТ қатысушылар тобының басшысы М.А. Нистолий жүгінді. Басылымдар жоғарыда аталған түзету мекемесіне СҚО бойынша ҰАТ тобымен жүргізілген барулар туралы есебіндегі құпия ақпаратты қамтиды.
СҚО бойынша ҰАТ басшысы М.А. Нистолий БАҚ басылымына ҰАТ қатысушыларының есебіндегі ақпаратқа өзінің де, топтың мүшелерінің де ешқандай қатыстылығы жоқ екенін мәлімдеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ҰАТ қатысушыларының мандатқа қарасты мекемелеріне алдын-ала бару туралы есебі құпия болып табылады.
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 мекемесінің аясында қалыптасқан жағдай туралы мәселе ҰАТ Үйлестіру кеңесінің отырысындағы қарауына арқау болды. Талқылау қорытындысы бойынша СҚО бойынша ҰАТ-не қатысты әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жарияланымдарды ұйымдастыру, тұтастай алғанда ҰАТ жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған.
Үйлестіру кеңесінің шешімін қарау нәтижесінде Уәкіл жоғарыда көрсетілген фактілерді мұқият тергеуді қамтамасыз ету және тиісті шаралар қабылдау мақсатында белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою шараларын қабылдау қажеттігі туралы хатымен ҚР Бас прокуратурасына жүгінді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы
Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі
Үйлестіру кеңесінің хатшысы
[xfvalue_img]