Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық көріністерінен 100% қорғаумен 34,5 млрд.теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 93 млн. долларға және 1 890 млн. теңгеге 2 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлық көріністерінен 100% қорғауға алды.
А.ж. 3 тамызында «Даму» кәсіпкерлерге арналған аймақтық орталығының ғимаратында орналасқан «Protecting Business and Investments» кеңсесінің базасында Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті арасында және «Инвестиционная нефтяная компания» ААҚ ресейлік компаниясын өкілдік ететін «Северный строитель» ЖШС-мен және «Радуга» ЖШС- мен келісімге қол қойылды. Аталған компаниялар өңір экономикасын 34,5 млрд. теңгеден астам қаражат салады.
Келісімдерге қол қоя отыра Департамент басшының м.а. Елена Степаненко Департаменттің, инвесторлардың және мемлекеттік органдардың арасындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Келісімге қол қойылғаннан кейін «Protecting Business and Investments» кеңсесінің платформасын пайдалану арқылы инвесторлар мүдделі мәселелерді СҚО бойыншашетелдік инвесторларды тартуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған Өңірлік кеңестің мүшелері болып табылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тікелей сұрақ қойды.
[xfvalue_img]