2017 ЖЫЛЫ ЖЖҚ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ЖАРТЫСЫ ДЕРЛІК «ЖЕҢІЛДІКПЕН» ТӨЛЕНГЕН.
Өздеріңізге белгілі, қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес, ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұлды 50% мөлшерінде төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Өткен жылы ішкі істер органдарының қызметкерлері ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұл салу туралы 2 миллион астам қаулылар шығарған, бұл ретте шамамен қаулылардың 45% (960 мың) 50%-дық жеңілдікпен төленген.
Бұрын хабарланғандай, айыппұлды жеңілдікпен төлеу, егер тиісті бабтың санкциясы айыппұлдан басқа өзге де өндіріп алуларды қарастырмаса, жүргізуші айыппұлмен келісіп тұрса және айыппұл төлеу хаттама толтырған күннен бастап 7 тәулік ішінде жүргізіледі (мереке және демалыс күндерді қоспағанда), ал егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап көрсетілген айыппұл сомасын төлеуге құқығы бар.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
[xfvalue_img]