Сотты құрметтемеушілік- әкімшілік  жауапкершілікке әкеледі !

Сотты құрметтемеушілік- әкімшілік жауапкершілікке әкеледі !

Қазіргі таңда әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Сот процесіне қатысушылардың  заңға (құқыққа) қайшы жасаған әрекеті (заңды білмеу жауаптылықтан босатпайды),  яғни қылмыстық іс әрекеті үшін қылмыстық кодекстің (410-бап) баптары бойынша қылмыстық немесе белгіленген қағидаларды (ішкі ережені) бұзғаны, яғни әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (653-бап) баптары бойынша жауапқа тартылады.

Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің                         653-бабында «Сотты құрметтемеушілік», яғни тәртiп бұзушының әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болмаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процесіне қатысушылардың сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды (ішкі тәртіпті) бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер – «ескерту» жасауға, не «жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл» салуға, не «бес тәулікке» дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.

Аталған баптың екінші бөлігінде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер үшін  тартылатын жаза да ауырлай түспек, яғни –отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынатындығы көрсетілген. 

Жеке тұлға немесе заңды тұлға өкілі және сот процесіне қатысушы басқа да тұлғалар сот процесі барысында сотты құрметтеуге міндетті, сондықтан, сот процесіне қатысушы  барлық тұлғалар заңға қайшы іс әрекет жасамай, белгіленген қағидаларды сақтайық!!!   

 

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының

аға сот приставы                                                                                   

А.М.Каленов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.