Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық кодексі не береді?

Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық кодексі не береді?

Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің іске асуымен Қазақстанда келесі бағыттағы әкімшілік заңнамалар реформаланады.
Бірінші. Гуманизация, шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Бұған Елбасымыз осы жылдың 17 қаңтардағы «Стратегия 2050» іске асыруға арналған Қазақстан халқына жолдауында жеке назар аударды. Кодекс жобасында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл мөлшері орта есеппен екі есе төмендетілді.
Осы күні шағын кәсіпкерлік субъектілері актив құны орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарағанды бес есе аз, ал Кодекс бойынша айыппұл санкциясы бірдей.
Осыған байланысты жаңа редакциядағы әкімшілік кодекс аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған айыппұл мөлшері әрекет етуші кодекспен салыстырғанда орта есеппен екі есе азайтылған. Осылайша Кодекстің 300 бабында айыппұл мөлшері азайтылғанын көрсетеді.
Жазаға деген осындай көзқарас салынатын әкімшілік жазаның мөлшерін сақтауды қамтамасыз етеді: мысалы, бір айыппұлдың кішкентай газет сататын дүңгіршектегі кәсіпкерге де, ірі дүкен иесіне де бірдей салынуы жүргізілмейді.  
Сонымен қатар әкімшілік жаза ретінде ескерту жасау түрі кеңейтілді.
Екінші. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарының құзыреті қайта қаралды.
Анықтап айтқанда сот ведомствасынан уәкілетті мемлекеттік органдарға 90 бап және 52 баптың бөліктеріндегі санкциялар, айыппұл түрінде қарастырылған әкімшілік жазалар ауыстырылды.
Үшінші. Әкімшілік жауаптылыққа тарту үрдісінің жаңғыртылуы. Мынандай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін қысқарту енгізілді, жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды төлеуді түбіртек арқылы жүргізілсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бірге алады. Яғни жеке тұлға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасында көрсетілген құқық бұзушылықпен келіседі, өз кінәсін мойындайды, өз еркімен айыппұлды төлей алады және ешқандай қоятын кінәсі болмайды. Егер тұлға құқық бұзушылық фактісімен келіспеген жағдайда, іс жалпы тәртіпте қаралады.
Қысқартылған тәртіптегі өндірісте ынталандыру механизімі қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылық хаттаманы алған тұлға жетікүндік мерзім ішінде айыппұлдың жалпы сомасының 50% төлеу мүмкіндігі қарастырылған. 
Сонымен қатар өндірісті қысқарту негізінде Кодексте төмендетілген шектеулер алынып тасталды және нақты анықталған айыппұлдар мөлшері белгіленді. Бұдан көретініміз нормативтік реттелмеген айыппұлдар мөлшерін жоғарғы мен төменгі шектеулер кезінде, айыппұлдың жоғарғы шегін қолданылу жағдайынын алдын алу, жемқорлықты болдырмау. Осыдан көретініміз белгіленген айыппұл мөлшері заңнамадағыдай төмендетіліп қана емес, жазаның даралық конституциялық принципі де ескеріледі.
Жаңа кодекске енгізілген органның (лауазымды адамның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тарауы айтарлықтай сәт деп айтуға болады, бұл әрекет етуші Кодекстегі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндірісте жүзеге асырылмайтын. Атап айтқанда жаңа Кодексте шағым беру тәртібі, мерзімі, қаралуы, т.б. шағымды қарау және беру бойынша барлық рәсімі қарастырылған.
Сонымен қатар Елбасымыздың азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша бірнеше рет үндеуін назарға алғанымыз жөн болады. Осыдан кейін Кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрамы енгізілді, жұмыс берушінің жұмыскерлерге толық еңбек ақысын төлемеу немесе екі жыл кезеңі ішінде еңбек демалысын бермеу, жұмыскердің еңбегіне сай ақы төлеу, өндірістегі бақытсыз жағдайлар фактілерін жасырудың алдын алу.
Тағы бір айтарлықтай маңызды жағдай заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша Азаматтық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріндегідей қайта қарау институты енгізілді. Бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініш беру арқылы толықтай құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Кодекстегі тағы да бір маңызды жаңалаудың түрі сот, орган (лауазымды адам) жеңілдетілген мән-жайларда жеке тұлғаға салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасын 30% қысқарту нормасының енгізілуі.
Әкімшілік қамаудың ең жоғарғысы 30 тәулікке дейін қысқартылды, тек ерекше жағдайларда – төтенше жағдай режимінде 45 тәулікке қамауға болады. Сонымен қатар осы санкциямен қарастырылған баптар екі есеге қысқартылды.
Аталған бетбұрыс бюджеттің шығындарын қысқартуға болатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік санкциясының ерекше қатаңдығынан шығуға жол береді, әкімшілік қамауда адамды ұстау үшін мемлекеттік бюджетке ауыртпалықтар түсетіні құпия емес.
Қамауға баламалы шарасы ретінде әкімшілік ықпал жасау шараларының жеткілікті түрі қарастырылған.  
Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етеді.

 Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының Төрағасы У.Ғ.Рахматуллаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.