Елордада электронды темекі сатушысы ұсталды
Елорда Департаментінің жедел-іздестіру бөлімі «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер вейптерді заңсыз таратумен айналысты деген күдікке ілінген 35 жастағы азаматтың жеке басын анықтады.
Тергеу нұсқауына сәйкес, қаладағы дүкендердің бірінің қойма бөлмесінде заңсыз өнім саудаланған. Тінту барысында жедел уәкілдер 163 дана вейп тауып, тәркіледі.
Ер адамның айтуынша, темекі өнімдері бұрынғы сатылымнан қалған. Алайда ол тыйым салынғанына қарамастан, қызметін жалғастырып, әлеуметтік желілер арқылы және курьерлердің көмегімен тұрақты клиенттеріне жеткізіп отырған.
Бір вейптің бағасы шамамен 5-10 мың теңге аралығында болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тексеру жүргізілуде.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды темекі өнімдерін заңсыз сатқаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]