Астана қаласында «Интернет дүкен» арқылы синтетикалық есірткі сатқан есірткі делдалы ұсталды
Елордалық полицейлер астанада синтетикалық есірткіні өткізуге қатысы бар интернет дүкендерді жою бойынша жұмыс жүргізуде.
Заманауи жастар арасында жаңадан шыққан синтетикалық есірткі мен психикалық белсенді заттарды қолдану сәнге айналып, кеңінен насихатталуда. Бұны есірткі делдалдары пайдаланып, интернет ресуртары арқылы тыйым салынған заттарды жаппай өткізуде.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қабанбай батыр көшесінде тікелей байланыссыз «Интернет дүкен» арқылы есірткіні өткізген 19 жастағы астаналық жас жігітті анықтады.
Есірткіні өткізуші халық көп жиналатын орындарға, орталық саябаққа «жасырып қойып кету» арқылы есірткіні белгілі бір жерлерге қалдырып отырған. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт қылмыс жасағанын мойындаған және «Интернет дүкеннің» жұмыс жүйесі туралы және ол жерден алатын заңсыз сыйақы туралы айтып берген.
Жеке тінту барысында одан ішінде синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып алынды. Алынып қойылған «Мефедрон» снтетикалық есірткісінің жалпы салмағы 40 гр. немесе 150 рет қолданылатын доза. Қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы елорда тұрғыны Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткіні өткізуге бірге қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
[xfvalue_img]