СҚО-да полицейлер сомасы 3 млн.теңгеден асатын акцизделмеген темекі тәркіледі
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықтады.
Сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әр түрлі атаулары бар 1805 темекі қорабы тәркіленді.
Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексеру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні анықтап тәркіледі. Осылайша, құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен 9716 қорап темекі өнімі алынды. Темекі қорабының орташа бағасы – 350 теңге.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жиналды.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан мас күйде жасалған 329 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Полиция қызметкерлерінің осындай фактілерді анықтау жөніндегі жұмысы жалғасуда.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір