СҚО-да есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
СҚО-да есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

СҚО-да есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

«Мұнда су тасқыны болып жатыр, жан-жақта полиция қызметкерлері жүр, не істейміз?», – өткен жылдың сәуір айында су басқа аумақта есірткі жасырмақ болған басқа қаладан келген есірткі жасырушы не істерін білмей өзінің жетекшісіне осылай жазған.

Сол күні полицейлер Қарағанды облысының 47 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 38 жастағы тұрғынын ұстап, олардан салмағы 200 грамнан асатын α-PvP және «мефедрон» синтетикалық есірткілерін тәркіледі. Бұл аса ауыр салмаққа жатады.

Келу туралы міндеттемемен босатылғаннан кейін күдіктілер қашып кеткен. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер олардың жүрген жерін анықтады. Олардың екеуі де буып-түюді және есірткі жасыруды ысырып қойып, тыйым салынған заттарды өндіруге көшкені белгілі болды.

Бұл үшін олар Алматы қаласының маңындағы елді мекенде үйді жалға алып, «тазалауға арналған заттар» деген атпен жеткізілген құрал-жабдықтарды, прекурсорларды сатып алған. Сарапшылардың айтуынша, есірткі зертханасы шамамен 18 кг.-ға тарта қауіпті затты өндіруі керек болған.

Қызметтік іссапар барысында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері зертхана жұмысының жолын кесіп, қылмыскерлерді ұстады. Сот оларды кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды, бұдан бөлек жазаларын өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлі емдеу шараларын тағайындады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.