СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 250 гр "синтетиканы" тәркіледі
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 жастағы Петропавл тұрғынынан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі. Ол сәуір айында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталды. Полицейлердің айтуынша, бір апта бұрын жас жігіт есірткі сататын интернет-дүкендердің біріне "жұмысқа орналасқан". Тінту кезінде одан ұнтақ заттары бар екі полимерлі пакет тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, олардың бірінде 101 грамнан астам "мефедрон", екіншісінде 149 граммға жуық "жылдамдық" болған. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
"Бұл биыл тәркіленген синтетикалық есірткілердің ең ірі партияларының бірі", — деп түсіндірді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. полиция майоры Руслан Үмбетов. — Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Есірткі өткізу фактілерінің жолын кесу - есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің негізгі жұмыс желілерінің бірі. Жыл басынан бері облыста барлығы 49 өткізу фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 685 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 20 кг-нан астам гашиш және 1 кг-нан астам синтетикалық есірткі заттары".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]