СҚО полицейлері есірткі зертханасын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің назарына 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық ілікті. Қолда бар ақпарат бойынша олар Петропавлға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген.
Қызметтік іссапар барысында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен 90 келі прекурсорлар жеткізілген Алматы облысындағы жалдамалы үйдің орналасқан жерін анықтады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, зертхана 18 келіге жуық есірткі өнім шығаруы тиіс болатын, - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. - Есірткі өндіруге жол берілмеді, күдіктілер Петропавл қаласына жеткізіліп, қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс материалдары ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз пайдаланған деген айып бойынша сотқа берілді. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін".
ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]