Елордада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар елден шығарылды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар елден шығарылды

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар елден шығарылды

«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматын және 53 Қазақстан Республикасының азаматын анықтады.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші анықталды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды.

Сонымен қатар, соттың көші-қон заңнамасына қатысты шығарған шешімін орындамаған және Қазақстан Республикасынан шығудан жалтарған 11 шетелдік азамат анықталды. Бұл тұлғалар мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды.

Шетелге шығу визасының мерзімі аяқталған нигериялық азаматқа ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына айтарымыз, егер Сізде қала аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары туралы қандай да бір ақпарат болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды немесе «102» арнасына қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Астана қ. ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.