Миграциялық заңды бұзған шетелдіктер елордадан шығарылды
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Пәкістан Ислам Республикасының алты азаматын анықтады.
Шетелдіктер Қазақстанға турист ретінде келгенімен, саяхаттаудың орнына құрылыс алаңында жұмысқа орналасып, елде болу мерзімінен асып кеткені анықталды. Осылайша олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған.
Сот шешімімен тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан күштеп шығарылды.
Жалпы жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер заң бұзушылыққа жол берген 422 шетел азаматы мен 70 Қазақстан азаматын анықтады. Іс-шара нәтижесінде 72 шетел азаматы елден шығарылды.
Астана қ. Полиция департаменті елге заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер басқармасына немесе «102» нөміріне хабарласуыңызды сұрайды.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]