«Мигрант» Жедел профилактикалық іс-шара кезінде полицейлер екі Нигериялық азаматты анықтады
Елордада көші-қон тұрақтылығын сақтау және көші-қон процестерінің қылмыстық ахуалға жағымсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін азайту мақсатында ағымдағы жылдың 12-19 маусым аралығында елордада «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полицейлер шетелдіктердің республика астанасында болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заң талаптарын сақтауын, елден дер кезінде шығуын қадағалайды.
Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Іс-шара кезеңінде құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеру жалғасуда.
Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері Нигерияның екі азаматын анықтады. Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қалаға заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер бөліміне немесе «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]