«Kurylys Group RK» ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕУГЕ КЕДЕРГІЛЕР ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 169-бабы 1 – тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық белгісі бойынша «Kurylys Group RK» ЖШС (бұдан әрі - ЖШС) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеу жүргізу шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент), тергеп тексеру рәсімін жүргізу үшін ЖШС заңды мекенжайына шығу жүзеге асырылды.
Алайда, ЖШС монополияға қарсы орган мамандарының үй-жайларға және аумаққа кіруіне кедергі келтірді, ол құжатталған және бейнематериалдармен расталған.
Аталған фактілердің негізінде Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. ЖШС өтініші бойынша іс материалдары қарау үшін Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына берілді.
Сот шешімімен «Kurylys Group RK» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 930 384 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.
[xfvalue_img]