АЗРК ДЕПАРТАМЕНТІ КАРТЕЛЬДІК КЕЛІСІМДІ АНЫҚТАДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС «Outdoor.kz» (бұдан әрі - ЖШС) және «Раммал» ЖК (бұдан әрі-ЖК) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеуді Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері бойынша (бұдан әрі-ҚР КК) аяқтады.
Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Департамент сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе қолдауға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға бағытталған картельдік сөз байласуға қол жеткізу фактісін анықтады.
Осыған байланысты, аталған факті бойынша 2024 жылғы 11 қаңтарда Департамент ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына (бұдан әрі - МӘС) берілді.
МӘС қаулысымен ЖШС-ге мемлекет кірісіне 463 210 теңге мөлшерінде бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кіріс тәркіленіп, 478 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Қазіргі уақытта ЖШС әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді, монополиялық табыс мемлекет кірісіне өндірілді.
[xfvalue_img]