Астанада «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
Астана қаласының Полиция департаменті сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан шығару мақсатында қала аумағында «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуде.
Елордалық сақшылар пиротехника сатудың заңсыз нүктелерін тексерді. Тексеру барысында қаланың дүкендерінің бірінде 4 бірлік пиротехникалық өнім тәркіленді. Сондай-ақ тағы бір дүкенде тиісті құжаттарсыз пиротехникалық бұйымдар табылып, нәтижесінде 17 дана өнім тәркіленді. Сатушыларға қатысты заңсыз сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Бұл шара пиротехникалық өнімдерді, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатына бағытталған.
Сонымен қатар сақшылар пиротехникалық өнімдерді контейнерлерден тыс сақтауға, рұқсат қағазы мен лицензиясы жоқ тұлғалардың ашық павилионда, автокөлікте, палаткаларда, қолдан және жерасты жолында сатуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]