СҚО полицейлері екі апта ішінде 320 бірліктен астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіледі
Полиция қызметкерлері ведомстволық аккаунттарда тікелей эфир өткізіп, оны құқық бұзушылықтардың алдын алуға және сертификатталмаған пиротехникалық заттармен байланысты болатын оқыс оқиғаларды ескерту тақырыптарына арнады.
Тәртіп сақшылары желі қолданушыларына жаңа жылдық мерекелер кезінде жазатайым оқиғалардың саны едәуір артатынын еске салды. Шығу тегі белгісіз, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен нұсқаулықтарды бұза отырып пайдаланылатын петардалар, шартылдақтар және отшашулар – ауыр жарақаттар мен өрттерге әкелуі мүмкіндігін айтты. Желтоқсанның 15-і мен 30-ы аралығында әкімшілік полицейлер «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі аясында жұмыс істеді. Олар лицензияланбаған пиротехниканы сату нүктелерін анықтап, қала тұрғындарына облыс орталығында осы түрдегі сертификатталған тауарды сататын екі дүкен жұмыс істейтінін еске салды. «Пиротехника» іс-шарасының екінші кезеңі 5 қаңтарда басталады.
«Іс-шараның бірінші кезеңінде облыс аумағында полиция қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 196-бабы бойынша 16 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 320 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім алынды. СҚО тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз және тек сертификатталған өнімді сатып алған абзал. Ата-аналардан өздерінің кәмелетке толмаған балаларын пиротехникалық құралдарды пайдалануға жібермеуін сұраймыз, себебі бұл өнімдерден жарақат алу қаупі бар», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
37 пікір