Жамбылдық полицейлер пиротехниканың заңсыз саудасын анықтау бойынша рейд жүргізуде
Жамбыл облысы аумағында 2022 жылғы 25 желтоқсаннан 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін бұйымдарды заңсыз сату және пайдалану фактілерін анықтау мақсатында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында облыстағы сауда орындарында сертификатталмаған пиротехниаларды сату деректері тексерілуде. Яғни, от шашуға арналған заттарды лицензия болған жағдайда ғана сатуға болады. Лицензиясыз тауарлар сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен әкімшілік хаттама жасалады және материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.
Алғашқы рейд жұмыстарының нәтижесіне сәйкес полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша бұзушылықтың 18 дерегі анықталып, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың 121 бірлігі алынды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды арнайы контейнерлерден тыс және пиротехникалық бұйымдарды сақтауға тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық павильондарында, автокөліктерде, шатырларда, қолдан және өткелдерде сатуына қатаң тыйым салынғанын ЕСКЕРТЕДІ.
Сонымен қатар, Полиция департаменті өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін, Сізден, пиротехникалық өнімдерді арнайы заңдастырылған орындарда ғана сатып алуды сұрайды.
Егер Сіз осындай құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, полицияның "102" байланыс арнасына немесе ауданыңыздағы кезекші полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.
[xfvalue_img]