Елордадан көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік азамат шығарылды

Елордадан көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік азамат шығарылды

Астана қаласының полиция департаменті көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында елорда аумағында ағымдағы жылдың 3-9 маусымы аралығында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

 Іс-шараны өткізу нәтижелері бойынша елордалық гарнизон қызметкерлері шетелдік азаматтардың елордада болу ережелерін бұзудың 126 фактісін анықтады.

 Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, шақырылған шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 23 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 6 азамат жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге 20 шетелдік шығарылды.

Көші-қон қызметі қызметкерлері іс-шара өткізу кезінде Өзбекстанның 28 жастағы азаматын ұстады. 2019 жылы сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасынан шығарылғаны анықталды, бірақ қазіргі уақытқа дейін ол елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Полиция қызметкерлері мигрантты әуе рейсімен Өзбекстанға жіберді.  

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив