СҚО-да полиция қызметкерлері вейптердің ірі партиясын тәркіледі
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап айналымына тыйым салынған вейп саудасына күдікті 19 жастағы петропавлдықты анықтады.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіледі. Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.
"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген", - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]