Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды
Астана қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапсырыспен жасалған кісі өлтірудің жолын кесті.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі азамат –тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды. Қылмысқа тапсырыс беруші ысырап болған мүлік үшін жауапкершілікті алғысы келмей одан жалтарғаны себеп болған.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында қылмысқа қатысы бар азаматтар Астана-Көкшетау тас жолында ұсталды.
«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді», - дейді Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Арғын Алтынбеков.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оларға қатысты адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
75 пікір