СҚО-да artemia salina браконьерлерінің «рекордтық» партиясын полицейлер тәркіледі
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен үйлестіре отырып, 6637 әскери бөлімінің «Б» тобының әскери қызметшілерімен бірге artemia salina шаянын рекордтық мөлшерде заңсыз алудың жолын кесті.
Жедел уәкілдермен жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында «КамАЗ» жүк көлігінен 260 қап, шаян цисталары (жұмыртқалары) тәркіленді. Тағы 242 қап Бескөл аудан орталығындағы қоймадан алынды.
Тайынша ауданының 35 жастағы және 29 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны бағалы табиғи ресурстарды заңсыз өндіруге күдікті ретінде ұсталды. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағандығы үшін сотталған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, рұқсат құжаттарынсыз өндіру Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде жүргізілген.
"Алынған artemia salina цисталарының жалпы салмағы 24 тоннаны құрады - бұл облыс аумағында алынған ең ірі көлем, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. - Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]