Қаруды тиісті түрде сақтамағаны үшін 54 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды
СҚО-да полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан «Заң мен Тәртіп» принципін іске асыру шеңберінде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты жұмыстың барлық желісі жандандырылды.
«Учаске» ЖПІШ 16 қыркүйектен бастап жұмыс істеуде. 50 күннің ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700 аса саяжайды тексерді. Сонымен қатар, полицейлер 1200 аса шаруа және фермерлік қожалықтарды, еңбекті пайдалануы мүмкін деген 367 адам тұратын қыстақ пен ағаш кесетін орындар тексерілді.
Полицияда түрлі есепте тұрған 11,5 мыңнан аса адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Ұрлыққа қарсы желісі бойынша базарлар мен тұрмыстық емес, қолданыста болған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шарасы жүргізілді. Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары жүргізілуде.
Қару иелеріне де тексеріс жүргізілуде. 6094 адам тексеріліп, 54 қаруды сақтау ережесін бұзу, 60 тіркеу мерзімі мен қаруды қайта ресімдеу бұзушылығы анықталды. Көбінесе қару сақтайтын сейфтерде түрлі құнды заттар сақталынады.
«Ақша, құжат, құнды заттар және қаруға қатысы жоқ басқа да заттарды қару сақтайтын сейфке салуға тыйым салынады, - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. – Осы 50 күннің ішінде заңсыз айналымнан 12 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару алынды».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]