Елорда аумағында «Участок» жедел алды алу іс-шарасы өтуде
Ағымдағы жылдың 14 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және проблемалық мәселелерді зерделеу бойынша әкімшілік учаскенің тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Учаскелік полицейлер қызмет көрсететін аумақтың криминогендік жағдайын зерделеу үшін үй-үйді, саяжайларды, шатырлар мен жертөлелерді аралайды. Жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы төмен отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын орындар қоғамға жат әрекеттердің алдын алу мақсатында тексерілуде.
Сонымен қатар, тексеру тұрғылықты жері бойынша ішкі істер бөлімінде есепте тұрған тұлғаларға да қатысты болады. Сондай-ақ осы кезеңде азаматтық қарудың иелері тексеріледі.
ОПМ басталғалы бері шамамен 2896 тұрғын үй аумағы, ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 500-ге жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
283 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгіленген тұрғылықты жері жоқ 35 адам ұсталып, оның 10-ы қабылдау бөліміне орналастырылды. Кәмелетке толмаған 14 жасөспірім ұсталды, оның ішінде 2 жасөспірім алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін, 3-еуі заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған, 6 бала қаңғыбастыққа салынған.
Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын жедел-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұрап, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады. Күдікті адамдар туралы деректер дереу полицияға «102» арнасы немесе мобильді қосымша арқылы хабарлануы тиіс.
Астана қаласы ДП Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]