Елордада "Түнгі қаладағы балалар" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында елорда аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны өткізу кезеңінде қойылған міндеттерді орындау үшін әртүрлі ведомстволардың 198 өкілі, оның ішінде полиция қызметкерлері – 187, білім беру органдары – 5, денсаулық сақтау органдары – 1, Жергілікті атқарушы органдар-2, ведомстволардың өзге де органдары-1, өкілдері жұмылдырылды.
Іс-шараны өткізу кезінде аталған мамандар кәмелетке толмағандарды, ІІО есебінде тұрған қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайлардағы отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде, ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол беру фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды.
Іс-шара өткізу шеңберінде ІІО 193 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде түнгі уақытта 158, тұрғылықты жері бойынша 42 кәмелетке толмаған тексерілді, ІІО есебіне 22 кәмелетке толмаған қойылды.
"Нұра" ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Айтматов көшесіндегі компьютерлік клубта түнгі сағат 22.00-ден кейін заңды өкілінің сүйемелдеуінсіз болған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ компьютерлік клуб иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]